Елшіліктің Instagram парақшасында жариялаған ақпаратта жас музыканттар ұстаздармен бірге «Келіншек күйін» орындағаны айтылған.
2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр болып табылады. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні Қазақстанда жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Осыған дейін Қазақстанда домбыраға қойылған ескерткіштер туралы материал жариялаған едік.