Қазақстандық қорғаушы ойын ойдағыдай өткенін айтты.
– Ойын жақсы өтті. Біз көп уақыт есеп аша алмадық. Екінші кезең біз үшін сәтті болды. Себебі, біз олардың осал тұстарын тауып, шайба соға білдік. Соңғы кезеңде біз сенімді жеңіске қол жеткіздік, - деді ол.
Сонымен қатар спортшы жартылай финалдық ойын топтық кезеңге қарағанда басқаша екенін жасырмады.
– Бұл – жартылай финалдық ойын. Барлығы жеңіс үшін, финалға жолдама алу үшін күреседі. Сол себепті бәрі басқаша өтті. Оларға мүмкіндік беріп қойғанымызға қарамастан, біз жеңіске жеттік, - деді Самат.
Қазақстандық хоккейші Қытайда аталған спорт түрінің жақсы дамып келе жатқанына тоқталды.
– Біз осыған дейін бірнеше мәрте кездестік. Әрине, Қытай құрамасының деңгейі жыл санап өсіп келе жатыр. Алайда, бізде бір орында тұрған жоқпыз. Сол себепті, алда тағы олармен қызықты ойындар болады деп ойлаймын, - дейді Самат Данияр.
Айта ктетейік, Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының хоккейден ерлер арасындағы жартылай финалдық ойындар бүгін басталды. Қазақстан құрамасы қытайлықтарды 3:1 есебімен жарыс жолынан тайдырды.
Бұған дейін, қазақстандықтар топтық кезеңде Қытай құрамасын 6:1 есебімен жеңген болатын.