Қытайда соңғы кезде тіркелген жіті респираторлық аурулар санының өсуіне әртүрлі эпидемиялық қоздырғыштар себеп болып отыр, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай Халық Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді.
"Соңғы кездегі респираторлық жұқпалы аурулар негізінен тұмау вирусынан туындайды, сонымен қатар риновирустар, микоплазма пневмониясы, респираторлық синцитиальды вирус және аденовирустар жиіледі", - деді ол.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.