Қытайда қазақ қолөнер шеберлеріне қандай қолдау бар

Фото: Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Қытайдың Көктоғай ауданында өз шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелентіп отырған қазақ қолөнершілері баршылық. Соның бірі — Күлия Иманбек, деп хабарлайды Kazinform

Көктоғай ауданындағы әйелдер қауымдастығының мүшесі, Синьзянь қазақ мәдени орталығының өкілі, «Мұра» сауда компаниясының басшысы Күлия Иманбек — ұлттық қолөнерді әлемдік деңгейге шығарып жүрген шебердің бірі.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Қазақ қолөнері — өзінің көркемдік мән-мағынасымен, халқымыздың ғасырлар талғамына өткен асыл қазынасы. Мен ісмерлікке кішкентайымнан құштар болып өстім. Құрақ құрау, кесте тігу, сырмақ сыру, өрнек ою өнері маған анамнан дарыған», — дейді Күлия Иманбек.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Айтуынша, Қытай елінде мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе қазақтың ұлттық қолөнеріне қамқорлық баршылық.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Өнер — таусылмас қазына, жұтамас байлық. Көктоғай ауданында қолөнер шеберлері өте көп. Міне, сондай қолөнершілерге үкіметтен қолдау көрсетіледі. Яғни, бекзаттық мұра деп жоғары бағалайды. Кәсібіңді дамытуға, осы өнерге басқаларды баулуға және оқу курсын ашуға қаржылай көмек беріледі. Мен сондай-ақ демеушіліктің арқасында 100-ге тарта қыз-келіншекті жұмыспен қамтып отырмын», -дейді ол.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Күлия Иманбек ою-өрнек қазақ мәдениетінің шежіресі екенін атап өтті.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Ою қошқар мүйіздің элементтерінен құралады. Ал өрнек еркін және шексіз сызыла береді. Яғни, ою-өрнектің басы мен аяғы жоқ. Ол — шексіз. Сұлулық, махаббат, тазалық пен ғашықтық жиынтығы. Ою ойған адамның жүрегі таза, нәзік, жылы болады», -деп атап өтті шебер.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform