АСТАНА. KAZINFORM – Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тас жол көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.