CGTN телеарнасының хабарлауынша, көшкін болғанын жергілікті билік те растады.
Құтқарушылар үйінді астынан тоғыз адамды алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ табиғи апат салдарынан тұрғын үйлерге зақым келгені хабарланды.
Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында «Ақсай карьері» ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағасы шайылып, карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ опырылғаны хабарланған болатын.