Қытайдың орталық телеарнасы мұндай шешімді футболшының Қытайға қатысты «жағымсыз әрекетіне» байланысты қабылдаған. Шектеу шабуылшы өнер көрсететін Испанияның Ла Лигасы матчтарының көрсетіліміне де қатысты.
Қытайдың мемлекеттік телерадиокомпаниясы CCTV басқаратын жаңалықтар қосымшаларынан да Франция шабуылшысына қатысты материалдар өшірілді.
Осыдан кейін Килиан Мбаппе «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында француз, қытай және ағылшын тілдерінде ресми түрде кешірім сұрады.
– Жақында берген сұхбатымда өзім бейнеленген суретке қатысты пікір білдірдім. Менің пікірім ойланбай айтылды. Енді оның Қытайдағы көптеген адамның және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қытай қауымдастықтары өкілдерінің көңіліне тигенін түсіндім. Сөздеріме ренжіген барша адамнан кешірім сұраймын. Менің мұндай ниетім болған жоқ. Қытай халқына және оның тарихына зор құрметпен қараймын. Айтқан сөздеріме өкінемін, – деп жазды ол.
Еске салайық, қоғамның наразылығына Килиан Мбаппенің Қытай Халық Республикасының негізін қалаушы Мао Цзэдунға қатысты айтқан пікірлері түсірілген бейнежазбаның интернетте таралуы себеп болды.
Бұған дейін Қытай Мбаппемен жарнамалық келісімшарттардың бұзылуына қатысты пікір білдіргені хабарланған еді.