Қарағайлы орманда ойнап жүрген 7-сынып оқушысы мен оның 2 жасар қарындасына бір топ ара шабуылдаған. Олардың әжесі балаларды құтқаруға тырысты, бірақ оны да аралар шағып, ауруханада бір апта жатты.
Кішкентай қызды 700-ден астам ара шағып, ол көп ұзамай оқиға орнында көз жұмды. Ал оның ағасын 300-ден астам ара шағып, ол да келесі күні ауруханада қайтыс болды. Балалардың әкесінің айтуынша, балалардың денесінде ара шақпаған жер қалмаған.
Жергілікті билік марқұмды шаққан жәндіктердің сары аяқты ара (Vespa velutina nigrithorax) екенін анықтады. Оларды Ли есімді фермер өсірген.
Фермер құрбандардың отбасыларына 40 мың юань (шамамен 5 600 доллар) өтемақы төледі және басқа ақшасы жоқ екенін айтты. Лиге адам өлтірді деген айып тағылып, фермер бір апта қамауда болды, кейін кепілге босатылды.
Қайғылы жағдайдан кейін ол барлық ара ұясын қиратты. Оқиғадан кейін жергілікті билік сары аяқты араны ұстауға тыйым салып, бүкіл өңірдегі омарташы шаруашылықтарды ауқымды тексеруге кірісті.
Еске сала кетейік, Қытайда тайфун салдарынан 41 мыңнан астам адам эвакуацияланды.