Бейсенбі күні таңғы сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, Қытайдың Хунань провинциясындағы Шимэнь уезінде толассыз жауған нөсер салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Аталған өңірде биылғы алғашқы қатты жауын жексенбі күні таңғы сағат 07:00-де басталған. Табиғи апат салдарынан жалпы саны 23 елді мекен зардап шеккен. Бұл жөнінде Шимэнь уезі әкімшілік тұрғыда бағынатын Чандэ қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.
Бұған дейін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 5,2 балдық жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.