Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, 12 маусымда басталған нөсер жауыннан кейін аймақта төтенше жағдайларға қарсы шаралар қабылданды.
Гуандун провинциясының су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы тобының мәліметінше, 16 маусымдағы жағдай бойынша су тасқыны қаупі бар аймақтардан 36 127 адам эвакуацияланған.
— Провинцияда 12 мыңнан астам қызметкер мен шамамен 3500 ірі инженерлік құтқару жабдықтарынан тұратын 260 инженерлік құтқару тобы орналастырылды. Сонымен қатар, провинция әуеден құтқару операцияларына сегіз тікұшақ жіберді, делінген мәлімдемеде.
15 маусымда Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы аймақта қатты жаңбыр жауу қаупінің жалғасуына байланысты «сары» дабыл белгісін жариялады.
Қытайдың оңтүстігіндегі жаз нөсер жауынмен, тайфундармен және су тасқыны қаупімен қатар жүреді.
Елдегі табиғи апаттардан келтірілген тікелей залал 2025 жылға қарай 241,61 миллиард юаньға (35 миллиард доллардан астам) жетті деп есептеледі.
Бұған дейін АҚШ-та 88 млн-нан аса адам су тасқынынан зардап шегуі мүмкін екені ескертілген еді.