Жергілікті уақыт бойынша 4 мамыр күні түстен кейін сағат 4 шамасында Уцзян өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Лючунхэ өзенінде нөсер жауып, су айдынында жүзіп жүрген екі яхта аударылып қалған.
Белгілі болғандай, апаттан экипаж мүшелерін қосқанда шамамен 70 адам суға құлаған. Қытайлық агенттіктің жазуынша, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 50-ден астам адам судан шығарылған. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Қытайдың Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында тікұшақ апатқа ұшырап, жердегі бір адам қаза тапқанын жазған едік.