Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның триатлон құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында екі жүлде иеленді. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі жазды.

Фото: ҰОК

Екі медаль де алтын болды. Жеңіс тұғырынан Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көрінді.

Айнегов 17 жасқа дейінгі санатта ең үздік нәтиже көрсетіп, «суперспринт» қашықтығын 00:25:49 уақытпен аяқтады.

15 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта еңсеріп, чемпион атанды.

Ертең, 14 маусым күні эстафеталық жарыстарда медальдар сарапқа салынады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Қазақстанның триатлон құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Петропавлда триатлон және дуатлон бойынша ел чемпионаты өтті.