Қытайда пышақпен қаруланған ер адамның қолынан сегіз адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) пышақпен қаруланған ер адам сегіз адамды өлтіріп, тағы біреуіне жарақат салды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Фото: Unsplash

Агенттік мәліметінше, қайғылы оқиға бейсенбі күні Хубэй провинциясына қарасты Сяогань қаласының Сяочан уезінде болған.

Лу есімді 53 жастағы шабуылшы психикалық ауруға шалдыққан болуы мүмкін.

Полиция қаскүнемді ұстады. Тергеу шаралары жүргізілуде.