Қытайда таудан аққан тасқын салдарынан он адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында кенеттен таудан аққан тасқын салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға адамға жетті, деп хабарлайды Синьхуа.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбіге қараған түні Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағындағы кемпингте болған кенеттен таудан аққан тасқын қаза тапқандар саны 10-ға адамға жетті, тағы екі адам із-түзсіз жоғалды.
Баян-Нұр қалалық төтенше жағдайлар ведомствосының мәліметінше, табиғи апат сенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында өзеннің жоғарғы ағысының Урад-Хоуци хошун учаскесінде орын алған, салдарынан табиғатта лагерь құрған 13 туристпен байланыс үзілді. Мәліметке сәйкес, олардың ішінде бес отбасының өкілдері бар, атап айтқанда сегіз ер адам және бес әйел.
— Жексенбі күні сағат 15:30–дағы жағдай бойынша бір адам құтқарылды, — деп қосып өтті ведомство.
Оқиға орнына жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 700-ден астам құтқарушы жөнелтілді.
ҚХР Төтенше жағдайлар министрлігі із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру шараларын жүргізуге бар күш-жігерін салуға шақырды және жұмысқа жетекшілік ету үшін арнайы топ жіберді. Министрлік сондай-ақ саяхатшыларға су тасқыны қаупі бар кезеңде игерілмеген табиғи аумақтардан аулақ жүруді және геологиялық қауіпті аймақтарда саяхаттау кезінде сақ болуды ескертті.
Еске сала кетсек, Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы жексенбі, 17 тамыз күні нөсер жауынға байланысты «көк» деңгейдегі ескерту мерзімін ұзартты.