Өрт туралы ақпарат қаладағы Шуньдэ ауданындағы Цзюньань елді мекенінің Чансин индустриялық паркінде орналасқан кәсіпорындардың бірінен сағат 15:12-де түскен.
Аудандық төтенше жағдайларды басқару басқармасының мәліметінше, өрт сағат 15:45-те бақылауға алынып, 16:10-да толық сөндірілген.
Өрт джинс матасын жуу және басқа да өндірістік жұмыстар жүргізілетін екі қабатты кірпіш-бетон ғимараттан шыққан. Жалын шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған және басқа нысандарға таралмаған.
Барлығы 63 адам кәсіпорын аумағынан және оған жақын орналасқан жерлерден құтқарылып, эвакуацияланды.
Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Зардап шеккен адам ауруханада ем алып жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Юньнань провинциясының оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласындағы химиялық зауытта болған өрт салдарынан 1257 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.