АСТАНА. KAZINFORM — Хунань штатындағы Сянси-Туцзя провинциясының Луси округінде және Мяо автономиялық префектурасында тұрғын үйден өрт шығып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа .
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт таңғы сағат 6:21 шамасында басталған.
Өрт сөндірілді, алайда оқиға салдарынан 6 адам көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, Үндістанның Тамилнад штатында теңіз өнімдерін өңдейтін кәсіпорында аммиактың таралуынан кемінде 7 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шекті.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.