Қытайда ұсталған үш америкалық АҚШ-қа оралды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ-тың үш азаматы - Марк Свидан, Кай Ли және Джон Люннің босатылғанын және үшеуі де АҚШ-қа оралғанын хабарлады, деп жазады NBC News.

Коллаж: Kazinform

62 жастағы К.Ли Лонг-Айлендтен (Нью-Йорк) 2016 жылы тұтқындалып, 2018 жылы тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жасы 40-тан асқан Техас бизнесмені М.Свидан 2012 жылдан бері қамауда отыр және 2019 жылы есірткіге қатысты айыпты деп танылған соң шартты түрде өлім жазасына кесілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тобының пікірінше, айыптауларда дәлелді негіз жоқ.

Гонконгта тұрақты тұратын 70-тен асқан америкалық Дж.Люн өткен жылы тыңшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

АҚШ үкіметінің хабарлауынша, оларды босату - тұтқындарды Қытай мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің офицері Сюй Янцзюнь мен Қытай азаматы Джи Чаоцюньге айырбастау шарасының бір бөлігі болды.

С.Яньцзюн америкалық авиациялық қозғалтқыш жеткізушісі "GE Aviation" компаниясынан технология ұрлау әрекетінен кейін қамауға алынды, ал Ц.Чаоцюн Қытай Үкіметінің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталды.

Бейсенбіде Джо Байден журналистерге үш америкалықпен тілдескенін айтты.