Хабарланғандай, автопилоттың көк индикаторлары GB 4785-2019 ұлттық стандартына қайшы келеді, бұл стандарт көк шамдарды тек полиция, жедел жәрдем және құтқару көліктерінде пайдалануға рұқсат береді.
Шешім 27 шілдеде 410-шы көлік партиясын сертификаттау басталған кезде күшіне енді. Geely, Changan, Voyah және Avatr автомобиль өндірушілері талаптарды орындағаны туралы мәлімдеді.
Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі бұрын сатылып кеткен көліктерге қатысты шаралар әзірлеу үстінде. Ведомство жабдықты алып тастау үшін қайтарып алуды талап ете ме, әлде жаңа өндіріске тыйым салу кезінде оларды пайдалануға рұқсат ете ме, оны әзірге шешкен жоқ.
Автокөлік өндірушілері қашықтан бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы өздерінің бар көлік паркін талаптарға сәйкестендіре алады деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, көлік құжаттарының бірыңғай жүйесін қолдану 2027 жылға дейін тоқтатылды.