Қытайда жаңа түрге жатуы мүмкін динозавр қалдықтары табылды

АСТАНА. KAZINFORM - Палеонтологтер Қытайда жаңа түрге жатуы мүмкін жасы 90 миллион жылға жететін динозавр қалдықтарын тапты, деп жазады ТАСС.

Фото: Spencer Platt/Getty Images

Бор дәуіріне жататын қаңқа 2021 жылы Шығыс Цзянси провинциясының Ханчжоу қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінде табылған.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, зерттеу барысында ғалымдар қалдықтардың титанозаврлардың жаңа түріне жататынын анықтады және оны Gandititan cavocaudatus деп атады.

Табылған сүйектердің ішінде ең жақсы сақталғаны - омыртқа сүйек. Ол арқылы динозаврдың жалпы ұзындығы шамамен 14 м екенін болжауға болады.

"Бұл — бор дәуіріндегі түрдің эволюциясы мен таралуын зерттеу үшін өте маңызды жаңалық", - дейді ғалымдар.