Оқиға жұма күні жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 3:50-де Уланчаб қалалық округі Чжоцзы ауданындағы құрылыс алаңында болды. Мердігер – мемлекеттік меншіктегі China Railway 15th Bureau Group Co., Ltd. компаниясы.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары түске дейін аяқталды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы белгісіз.
Аймақ билігі апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Құқық қорғау органдары қазірдің өзінде оқиға орнындағы қауіпсіздікке жауапты адамдарды ұстады.
Бұған дейін Қытайдың Фуцзянь провинциясы Цюаньчжоу қаласына қарасты Цзиньцзян уездік қаласындағы аяқ киім фабрикасында болған өрт салдарынан 28 адам қаза тапқанын жазған едік.