Қытайда жасанды интеллектіні стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды

Фото: Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытайда жасанды интеллектіні стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды. Бұл – елдің ЖИ индустриясын жоғары сапалы дамытуға жәрдемдесу және жаңа типті индустрияландыру ұсынатын мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі күш-жігерінің бөлігі ретінде жасалған қадам.

Министрліктің онлайн-мәлімдемесінде атап өтілгендей, жаңа ведомстволық бағынышты құрылым ЖИ-мен байланысты салалар үшін салалық стандарттарды әзірлеуге және қайта қарауға жауапты болады. 

Техникалық комитет ведомство құрған алғашқы орган болды.

Қытай ақпарат және коммуникациялар институтының мәліметінше, 2023 жылы Қытайдағы негізгі ЖИ салаларының жиынтық құны әсерлі 578,7 млрд юаньға жетті, ал ЖИ-дің дамыған экожүйесі 4 482 кәсіпорынды құрады.

2024 жыл жасанды интеллектінің дамуындағы маңызды жыл болды. Технологиялық алпауыттардың бәсекесі әлемге барған сайын жаңа смарт әзірлемелер беріп отыр: көліктен робот-медбикеге дейін. 

Ал, жасанды интеллектіден қандай қауіп бар екенін мына материалдан оқи аласыз.