Мамыр айында Қытайдағы қалалық жерлердегі жалпы зерттелетін жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз болды.
25–29 жас аралығындағы азаматтар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,2 пайызды, ал 30–59 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халық арасында 4,1 пайызды құрады.
Еске салсақ, Қытайда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылғы маусымда 21,3 пайызға жеткен болатын. Кейін статистикалық әдістеме жаңартылып, 2023 жылдың желтоқсанынан бастап көрсеткіш студенттерді есепке алмастан жарияланып келеді.