Қытайдағы этникалық моңғолдар «мұздағы арга» жарысын өткізді

Фото: Фото: ‎China News

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың солтүстігінде тұратын этникалық моңғолдар «мұздағы арга» (мұздағы асық) жарысын өткізді. Бұл туралы «Халық Газеті» басылымы хабарлады.

«Мұздағы арга» (мұздағы асық)- моңғол халқының дәстүрлі мұз спорты. 2007 жылы ол қытайдағы Моңғол автономиялы регионы материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді.

Фото: ‎China News

«Арганы»(асық)сиырдың асығын өңдеп, бояп, дайындайды. Әзірлеу кезінде сиыр асығының дөңес және ойыс жерлерін тегістеп, ойыс бетінен тесік жасап, салмағын арттыру үшін қорғасын құяды. Бұл ойынды ойнағанда дөңес беті бар арганы атып, жеткен жерінде қалдырып нысана аргасы етеді. Содан соң қолдағы сақамен нысана аргасын көздейді. Сақасы нысанаға тиген адам жеңімпаз атанады.

— Бұл ойынды екі адам да ойнай береді. Ал адам көп болған сайын ойын қызықты бола түседі, - деп жазады басылым.

Фото: ‎China News
Фото: ‎China News

Айта кетейік, Қытай Моңғолияда мекендейтін сирек аю түрін қорғауды қолдайтынын жазған едік.