Жергілікті биліктің хабарлауынша, Шаньси провинциясының қадағалау комитеті ҚХР Шахталардағы өндірістік қауіпсіздікті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасының Шаньси бюросының қызметкерлері Ху Хуэйсун мен Юй Чжанцинге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, 2026 жылғы 22 мамырда Шаньси провинциясының Чанчжи қаласына қарасты Циньюань уезіндегі «Люшэньюй» көмір шахтасында газ жарылысы болып, салдарынан көптеген адам қаза тапқан еді.
Айта кетелік Си Цзиньпин Қытайдың солтүстігіндегі көмір шахтасында болған апатқа дереу шара қабылдауды тапсырған еді.
Қытай билігі Шаньсидегі шахта жарылысына қатысты қатаң тергеу жүргізетінін мәлімдеді.