Хайуанаттар бағының аумағын түгел су басқан. Соның салдарынан барлық жануарларды су ағызып әкеткен. Ал торда қалған жыртқыштардың бір бөлігі, оның ішінде үш арыстан өлді.
Алдын ала мәлімет бойынша хайуанаттар бағына келтірілген шығын шамамен 4 млн юаньға (590 мың долларға жуық) бағаланып отыр.
Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Ханчжоу қаласында су тасқынынан кейін жылан фермасынан жүздеген улы жылан ағып кетіп, адамдарға шабуыл жасай бастағаны хабарланған еді.
Ал шілде айының басында «Майсак» тайфуны нөсер жауын әкеліп, соның салдарынан Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы өзендерде су деңгейі қауіпті межеден асты. Табиғи апаттан 39 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сонымен қатар Люлань су қоймасындағы бөгет бұзылды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қытайдың шығыс жағалауына жақындап келе жатқан қуатты «Бави» тайфуны елдің бірқатар өңірінде тағы да нөсер жауын мен су тасқынын тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, Қытай су тасқынынан зардап шеккен өңіріне қосымша гуманитарлық көмек жіберді.