Қытайдағы турнирде Азиза Қаражанова құрама қоржынын қоламен толықтырды

Фото: Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан «President’s Cup - Asian Region» халықаралық турнирі таеквондошы Азиза Қаражанова (53 келі) қола жүлдегер атанды.

Азиза жарыс барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін жеңіспен аяқтады. Алғашқы айналымда қытайлық Цин Гоны (Қытай) жеңсе. одан кейін тайпейлік По Я Судан басып түсты.

Ал ширек финалда қытайлық Цзо Цзюйді тізе бүктірді. Жартылай финалда Мобина Нематзадеге (Иран) есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Азиза Қазақстанға 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына қосымша жолдаманы сыйға тартты.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали (80 келі) қола жүлде алды.

Халықаралық турнир 23-24 сәуір күндері өтеді. Әлемдік бәсекеге Азия елдерімен қатар Аустралия және Франция спортшылары келеді.

Есбол Сұлтанов шәкірттері бұл жарысқа Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дайындалды.