АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Хайань қаласында өтіп жатқан «President’s Cup - Asian Region» халықаралық турнирі таеквондошы Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды.
Жарыстың алғашқы күнінде Батырхан Төлеуғали (80 келі) екінші айналымда қосылып, жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті.
Жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Пак Чунсанға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали қола жүлдемен бірге 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.
Халықаралық турнир 23-24 сәуір күндері өтеді. Әлемдік бәсекеге Азия елдерімен қатар Аустралия және Франция спортшылары келеді.
Есбол Сұлтанов шәкірттері бұл жарысқа Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дайындалды.
Олар аталған турнирден өзге «Spanish Open G1» және «Austrian Open» жарыстарына әзірлігін пысықтады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.