«Контрафактілік тауарлардың ішінен Қытайдан жиі автомобильдердің қосалқы бөлшектері, спорттық аяқ киімдер, галантереялық тауарлар, мобильді телефондардың қуаттағыштары әкелінеді», - деп атап өтеді ведомство агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Айта кетерлігі, 2022 жылы үшінші елдерден әкелінген шетелдік тауарларға қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзылу белгілеріне байланысты тоқтатылған тауар декларациялары бойынша құқық иеленушілердің өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша 13 әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді.
Бұл материалдар бойынша соттың шешімімен 23 878 бірлік контрафактілі тауар тәркіленіп, кейіннен жойылды. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 1 225 200 теңге сомасында айыппұл салынды.