Құндық мәнінде Қытайдың алтын қоры 21 млрд долларға өсіп, 229,6 млрд долларға жетті.
2024 жылдың қарашасы мен биылғы наурыз аралығында Қытай 900 мың унция алтын қосты. Қытайдың алтын қоры осыған дейінгі алты ай ішінде өзгеріссіз қалған еді.
ҚХБ Мемлекеттік валюталық бақылауының хабарламасына сәйкес, 2025 жылдың наурыз айында Қытайдың валюталық қоры 3,24 трлн долларға жетті. Бұл осы жылдың ақпан айындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,4 млрд долларға өсті.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай АҚШ тауарларына салынған 34% баж салығын алып тастамаса, 9 сәуірден бастап Қытайдан әкелінетін өнімдерге 50% қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді.