«ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамына кіретін «Үлбі металлургия зауыты» энергетикалық реакторлар үшін уран оксиді ұнтақтары мен отын таблеткаларының өндірісі бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ құрамында уран бар қиын алынатын материалдарды қайта өңдейді. 2024 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 79 тонна уран өнімі шығарылды, Оның ішінде таблетка түрінде – 76 тонна, ұнтақ түріндегі уран диогсиді – 3 тонна», - деді министр.
Оның дерегінше, 2021 жылдан бастап «Үлбі-ТВС» зауыты Қытайдың атом электр станциясы үшін жылу бөлетін жинақтарды өндіру бойынша өндірістік қызметін бастады.
«2024 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақтар жеткізілді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.