Қытайдың бұрынғы халық өкілдері жиналысының төрағасы У Банго қайтыс болды

БЕЙЖІҢ.KAZINFORM – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің бұрынғы төрағасы У Банго 8 қазан күні Бейжіңде 83 жасында қайтыс болды.

Фото: wikipedia.org

Синьхуа агенттігнің хабарлауынша, У Банго ҚКП Орталық Комитеті Хатшылығының хатшысы, ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі және Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Мемлекеттік кеңестің бұрынғы вице-премьері, ҚКП 10 және 11-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 

2013 жылы У Банго басшылық қызметтен зейнеткерлікке шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі жағдайда Солтүстік Кореямен стратегиялық үйлестіруді күшейтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.