Қытайдың Фуцзянь өлкесі Еуропаға алғашқы арктикалық теңіз жолын ашты
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдағы «Халық газетінің» хабарлауынша, Фуцзянь өлкесі «Мұздағы Жібек жолын» дамыту бастамасы аясында Еуропаға алғашқы Арктикалық теңіз жолын іске қосты.
21 қыркүйек күні күні таңертең «Стамбул көпірі» атты контейнерлік кеме Фучжоудан жолға шыққан. Жаңа теңіз дәлізі арқылы Еуропаға бар-жоғы 19 күнде жетуге мүмкіндік бар.
Аталған маршрут Далянь, Циндао, Шанхай, Фучжоу, Нинбо сияқты Қытайдың ірі порттарын қамтиды. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы Феликс, Нидерландтағы Роттердам, Германиядағы Гамбург және Польшаның Гданьск тәрізді Еуропаның негізгі хабтарына тікелей қатынау қарастырылған.
Мамандардың айтуынша, бұл бағыт Суэц каналы арқылы өтетін дәстүрлі теңіз жолына қарағанда 20 күннен астам уақыт үнемдейді.
Жаңа теңіз жолының ашылуы қытайлық және халықаралық кәсіпорындарға Еуропаға тауар жеткізу үшін баламалы әрі тиімді жол болмақ.
Айта кетейік, Қытайда алғаш рет робот докторантураға қабылданғаны туралы жазған болатынбыз.