Оның консулдық округі Гуандун, Хунань, Хайнань және Юньнань провинцияларын, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданын қамтиды.
Жаңа мекеменің ашылуымен Гуанчжоудағы шет мемлекеттердің бас консулдықтарының жалпы саны 70-ке жетті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары еліміздің Гуанчжоумен сауда-саттық қарым-қатынасы артқан. 2025 жылдың маусым айында Қытайдың жетекші әуе компаниясы China Southern Airlines ресми түрде Гуанчжоу-Алматы тікелей бағытын іске қосты. Қазіргі уақытта рейстердің жиілігі аптасына бастапқы үштен беске дейін өсті.
Еске салайық, былтыр Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды.