Қытайдың қазақтар мекендейтін Алтай аймағы жайлы не білеміз

Орта Азия мемлекеттері мен Ресей бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында журналистер Алтай аймағын мекен еткен халықтың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Алтай — ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономия ауданының Іле Қазақ автономия облысына қарасты әкімшілік аймақ.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Соңғы ресми деректерге сүйенсек, халық саны — 668 600 адам. Сегіз ұлттың өкілі тұрады.

Орталығы — Алтай қаласы. Әкімшілік жағынан 6 уезге бөлінеді.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Ғалымдардың дәлелдеуінше, қарда шаңғы тебу мәдениеті осы өлкеден бастау алған. Сондықтан болар, алтайлықтардың шаңғы жасау әдісі де, қолданылуы да ерекше.

Шеберлер оны таза табиғи өнімнен дайындайды. Яғни, бес жастан асқан жылқы терісі мен жас самырсын немесе қайын ағашын қолданады.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Бұдан бөлек, Алтайда түрлі қолөнер орталықтары мен шеберханалар өте көп.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Соның бірі — «Тоқсан сегіз» көркемсурет студиясы. Мұнда қыш, саз балшық және сурет бөлімі бар.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Студия жетекшісі Юань Вэньюй қыш мәдениеті — көне өнер түрі екенін атап өтті. Сазбалшықтан әртүрлі тұрмыстық заттар жасауға болады.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Қыш, сазбалшық өнерінің адамға берер пайдасы зор. Балшық табиғи минералдарға бай. Оның құрамындағы кальций элементтері алақан арқылы адам ағзасына тарайды», — дейді Юань Вэньюй.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Сонымен қатар Алтай қаласында үш қабатты әлеуметтік орталық жұмыс істейді.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Мұнда келушілерге тегін қызмет көрсетіледі. Мәселен туристер өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу үшін бар жағдай жасалған. Кітапхана, кинозал мен домбыра үйірмесі де бар.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Алтай — сиқырлы қала. Оның әсемдігі таңғажайып тауларымен ғана шектелмейді.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Жоғарыда атап өткеніміздей шаһар мәдени құндылықтарға бай.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Қаланың ортасында Қыран өзені ағып жатыр. Бойында түрлі мейрамханалар мен тарихи ғимараттар орналасқан.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Тұрғындардың негізгі айналысатын кәсібі — егін және мал шаруашылығы.

Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform