АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында нөсер жауын салдарынан 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Су тасқынынан кейін құтқарушылар сегіз адамның мәйітін тауып, төрт адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Табиғат апаты сенбі күні сағат 02:30 шамасында болды. 40-тан астам үйге зақым келтіріп, Яань қаласының Ханьюань округіне қарасты Синьхуа ауылының 1254 тұрғыны зардап шекті, деп хабарлады жергілікті билік.
Оқиға орнына дереу 443 құтқарушы жіберілді. Қазірдің өзінде жолдар мен байланыс жартылай қалпына келтіріліп, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.