Орталық банк есебінде елде жалдамалы баспана нарығының әлеуеті зор екені айтылған. Түрлі институттар келешекте бұл елде баспана жалдайтын халықтың саны 200 млн адамнан болжап отыр.
«Нарықта баспана жалдау операцияларымен айналысатын кәсіпорындар барған сайын көбейіп келеді. Бұл баспана жалдау қызметінің сапасын арттыра түседі. Қытайдың орталық банкі мемлекеттік тұрғын үй құрылысына субсидиялау шараларын күшейтіп, мұндай жобаларды қайта несиелендіру тетігін құрды. Маусым айының аяғындағы жағдай бойынша, Қытайдың қаржы мекемелері баспана жалдауға 24,7 млрд юань (шамамен 3,46 млрд доллар) несие берген. Орталық банк жалдамалы баспана нарығына несие беретін қаржы жүйесін одан әрі жетілдіре түседі», - деп жазады «Синьхуа» агенттігі.