Қытайдың туристері Түркияға визасыз кіре алады

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия тұрақты төлқұжаты бар, туристік және транзиттік мақсатта келетін Қытай азаматтары үшін елге визасыз кіру режимін енгізді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығында айтылды, деп хабарлайды Синьхуа.

Жаңа ережелерге сәйкес, қытайлық саяхатшылар кез келген 180 күндік мерзім ішінде 90 күнге дейін визалық талаптардан босатылады. Бұл режим 2026 жылдың 2 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңа қадам екі ел арасындағы сауда мен туризмді нығайтуға бағытталған. Визадан бас тарту Түркияның ең жылдам дамып келе жатқан туристік нарықтарының біріне айналған Қытайдан келушілердің саны айтарлықтай артуына байланысты болды.

Түркияның ресми деректеріне сүйенсек, 2024 жылы елге келген қытайлық турист саны бір жыл ішінде 65,1% артып, шамамен 410 мыңға жетті. Бұған әуе қатынасының жақсаруы және елдің мәдени мұра нысандарына деген қызығушылықтың артуы себеп болды.

Еске салайық, осыған дейін Армения мен Түркия дипломатиялық паспорт иелерінен визалық алымды алып тастайтыны туралы жазған болатынбыз.