Қытайдың ұлттық брендіне айналған Іле жылқысымен көкпар жарысы өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Үрімжі экономикалық-технологиялық даму аймағы Шиху көшесіндегі ипподромда Шыңжаң жылқы қауымдастығының екі күндік «Тунчуан кубогы» атындағы Іле жылқысының көкпар сынағы сериясы бойынша «Тяньшань шабандоздары» кубогының көкпар жарысы өтті, деп хабарлайды Қытайдың « Халық газеті ».

Фото: kaz.people.cn

Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Шыңжаңда өсіріліп, дамытылған Іле жылқысы Қытайда ұлттық брендке айналған жылқы тұқымы саналады.

Сол танымал Іле жылқысының көкпарға бейімділік сынағы бойынша жарыс өткен. 

«Көкпар жарысы — қазақ, ұйғыр, қырғыз, тәжік, моңғол және басқа да этностар жақсы көретін дәстүрлі спорт түрі. Іле жылқысы Шыңжаңда өсіріліп, дамытылған негізгі жылқы тұқымдарының бірі болғандықтан, Қытайда бренд жылқы тұқымына айналды», — деп жазады People.cn.

Еске салсақ, бұған дейін елордада бәйге мен көкпар жарыстары өтіп жатқаны хабарланды.