Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыз деңгейінде сақталып, 12 млн-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Тұтыну бағаларының индексі (инфляция) шамамен 2%-ға өседі деп күтіліп отыр. Астық өндіру көлемі 700 млн тонна шамасында сақталады.
Қытай үкіметі неғұрлым белсенді бюджет саясатын жүргізуді көздеп отыр.
Бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы шамамен 4 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайыздық пунктке жоғары, ал жалпы тапшылық көлемі 5,66 трлн юань болып, өткен жылғыдан 1,6 трлн юань көп болады деп жоспарланып отыр.
Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ, парламент) 5 наурызда жыл сайынғы сессиясын бастады. Ашылу салтанаты Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңындағы халық жиналысы залында өтті.
Бұған дейін 2025 жылдың 5 наурызында Бейжіңде 14-шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының үшінші сессиясы жұмысын бастайтынын жазған болатынбыз.