Қытайлық ғалымдар якты сәтті клондады

Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстік-батысындағы як өсіру базасында 10 шілде күні кесарь тілігі арқылы клондалған як дүниеге келді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Зерттеушілердің айтуынша, жаңа туған бұзаудың салмағы 33,5 кг болған — бұл әдеттегі як төлдерінің салмағынан жоғары. 11 шілде күні «Синьхуа» ақпарат агенттігінің тілшілері бұзауды көріп, оның толықтай жүріп кеткенін және денсаулығы жақсы екенін растады.

Жоба 2023 жылдың шілдесінде Чжэцзян университетінің зерттеу тобы, Дамсун уезі әкімдігі және Тибет автономиялық ауданы Плато биология институтының бірлескен бастамасымен іске қосылған.

Ғалымдар якты клондау үшін толық геномдық сұрыптау және соматикалық жасушаларды клондау технологияларын қолданды.

Зерттеу тобын басқарған Чжэцзян университетінің профессоры Фан Шэнгоның айтуынша, бұл клондау технологиясы як тұқымын жетілдіруге және Тибет аймағында таулы ірі қара малын өсіру жүйесін дамытуға маңызды рөл атқарады.

Айта кетелік Қытай Альцгеймерді емдеуде эксперименталды хирургияға тыйым салды