«Қытайлық компаниялардың бірі бізде тиамулин өндіру үшін жүгеріні терең өңдеу зауытын салуға дайын. Бұл мал шаруашылығында қолданылатын танымал дәрі. Кейіннен өнімді әлемдік нарықтарға, оның ішінде Қытайға экспорттау жоспарлануда. Сондай-ақ біз астықты терең өңдеумен айналысатын компаниямен келістік. Оның басшылығы Ақмола облысында түрлі тағамдық қоспалар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасын қытай тарапы $650 млн көлемінде қамтамасыз етеді», — деп атап өтті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев.
Айта кетейік, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.
Оның аясында қытайлық компаниялармен құны 2,5 млрд доллар болатын келісім жасалды.