Қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Азиада чемпионы атанды
19:11, 05 Қазан 2023
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қытайлық қазақ Тоқтарбек Таңатқан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайлық қандасымыз финалда филиппиндік Эумир Феликс Марсьяльмен жұдырықтасты.
Бірінші раундта филиппиндік боксшы Тоқтарбекті нокдаунға жіберіп, бес төреші соған дауыс берді.
Екінші кезеңде Тоқтарбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, таразы басын теңестірді.
Қорытынды есеп - 5:0, Тоқтарбектің пайдасында.
Т.Таңатқан осы Азия ойындарында қазақстандық Нұрбек Оралбайды жеңіп кеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карина Ибрагимованың Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Азиада алтынына таласатыны белгілі болды.