Қытайлық қандасымыз төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Фото: Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайлық қандасымыз Ақнар Адақ конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Әйелдер арасындағы командалық жүгіру бәсекесінде Қытай құрамасы 3 минут 2.20 секунд нәтижемен топ жарды. Осылайша, Ақнар Адақ төрт құрлық чемпионатынның чемпионы атанды.

Фото: Синьхуа

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ - Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5000 метрлік жарысында — «алтын», 3000 метрде — күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Адақ Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен болатын.