ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан сынға түскен қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан қарсыласынан ұтылып қалды.
Ол 1/16 финалда доминикалық боксшы Кристиан Пиналеспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен қарсыласына есе жіберді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Кристиан Пиналесті жеңімпаз деп тапты.
Айта кетсек, Қытайдағы қазақ боксшысының салмағында Қазақстан намысын Нұрбек Оралбай қорғайды.
Осыған дейін көптеген жанкүйерлер екі қазақ боксшысы Париж олимпиадасында жолы түйісуі мүмкін деп топшылаған болатын. Бұл Тоқтарбектің спорттық мәнсабындағы екінші олимпиадасы. Ол осыған дейін Токио төрінде де сынға түскен еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.