Қытайлық қазақ файтер UFC турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА.KAZINFORM — Қытайда туып өскен ұлты қазақ аралас жекпе-жек (ММА) шебері Мақсат Қайсар (12-5-0) UFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Фото: UFC

Қандасымыз қытайдың Шаңхай қаласында өткен Road to UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетіп, америкалық файтер Дарриус Флауэрспен (13-9-1) өзара мықтыны анықтады.

Қортындысында Мақсат қарсыласын алғашқы раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Айта кетерлігі, Мақсат Қайсар 2002 жылдан бастап UFC турнирінде өнер көрсетті. Осы аралықта қандасымыз 7 жекпе-жек өткізіп, 3 қарсыласын қапы қалдырды.

Файтер 2025 жылы соңғы жекпе-жегінде америкалық Гэйдж Янгтан жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын.

Мақсат Шаңхайдағы турнирде қытайлық қазақ файтер Тайлақ Нұражының орынына шықты. Тайлақ жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартқан.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста UFC турнирінде қарсыласын 4 минут 59 секундта жеңді.

Сонымен қатар, жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Бекзат Алмахан UFC ұйымның ростерінен шығарылды.