Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр
04:44, 09 Мамыр 2025
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр.
Тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында қытайлық компания салып жатыр.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, оның қуаттылығы — 40 МВт, жоба құны — 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген.
«Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады.