— Қосшы қаласында 250 бағаны бар жаңа деректер орталығы құрулып жатыр. Energy China корпорациясы 100 мегаваттық 5000 бағаны бар ірі орталықтың құрылысын келесі жылы бастайды. Тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұл шетелдік инвестиция есебінен салынатын ең ірі data-орталық болады. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі мен басқа да құжаттары әзірленіп жатыр. Жобаның 70 пайызы Қытай компаниясының инвестициясы есебінен іске асады, — деді «Қазақтелеком» басшысы.
Айта кету керек, Үкіметтің бүгінгі отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары пысықталып жатыр.