Қытайлық оқушылар шатқалдағы мектепке «аспандағы автобуспен» баратын болды

Фото: Фото: people.com.cn

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Юньнань өлкесі Ничжухэ елді мекеніндегі оқушылар мектепке «аспандағы автобуспен» баратын болды. Бұл туралы «Халық Газеті» басылымы хабарлады. 

— Ничжухэ елді мекені шатқалдың түбінде орналасқан. Бұрын жергілікті балалар мектепке бару үшін жартастарға шығып, тау асып, тас басуға мәжбүр болатын еді. Шатқал бойымен үш-төрт сағат жол басып, биіктігі 550 метр болатын тау жолы арқылы жаяу жүріп, таудың басындағы Гуаньчжай бастауыш мектебіне баратын, - деп жазады дереккөз. 

2022 жылдан бастап, Ничжу өзенінің үлкен шатқалы мәдени туризм аймағы жобасына кіріп, 268 метрлік лифт пен 200 метрге жуық биіктіктегі аспалы жол пайдалануға берілген.

Фото: people.com.cn

Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары бұл инфрақұрылымды тегін пайдалана алады. Шатқалдағы көркем аймақ салынып болғаннан кейін балалар мектепке лифтпен және аспалы жолмен жарты сағаттан аз уақыт ішінде жетіп баратын болды. 

Фото: people.com.cn
Фото: people.com.cn
Фото: people.com.cn

Айта кетейік, қытайдағы этникалық моңғолдар «мұздағы арга» жарысын өткізгенін жазған болатынбыз.