АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Қытайдың «Чанъэ-6» зонды Жерге қонды, ол Айдың арғы жағынан жиналған топырақты жеткізді. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады.
Оның деректері бойынша, «Чанъэ-6» зондының қайтарылмалы модулі сейсенбі күні Қытай Халық Республикасының Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы белгілі бір аумаққа қонды, миссия сәтті деп танылды.
Орбиталық, қону, көтерілу және қайтарылмалы модульдерден тұратын зонд 3 мамырда ұшырылды.
«Чанъэ-6» зонды маусым айының басында Айдың арғы жағына қонып, топырақ жинап, содан кейін үлгілерді қайтарылмалы аппаратқа жеткізді.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.