Қытымыр аяз, қар, боран: 24 ақпанға ауа райы болжамы
02:32, 24 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синопиктері 24 ақпан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады.
Боран соғып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі.